Untitled Document

Сұхбат... Ғашықтар күні

Сұрақ: «Валентин күні» деп аталатын ғашықтар күнін тойлаудың және сыйлық берудің діни тұрғыда зияны бар ма?

Жауап: Бұл күн «Әйелдер күні», «Балалар күні» секілді әдетке қатысты күн. Алайда «ғашықтар» деген кезде дінге қайшы (некесіз) қатынастар негізге алынуда. Ал бұл болса мүлдем рұқсат емес, харам нәрсені тойлауға болмайды. Халықтың әдеті (салты) болған нәрсені жасау рұқсат, алайда дінге қайшы болған әдетті құттықтау рұқсат емес. Яғни дінімізде некесіз қатынастарға тыйым салынған. Төмендегі христиандардың әңгімесі дұрыс болса, ғашықтар күнін тойлауымыз – шіркеу попының жастарды қосқандығын тойлауға және поптың өлімін еске алуға ұқсап кетеді. Тіпті мейрам ретінде жарияланғанына қарағанда христиандардың діни мейрамын тойлау одан бетер қауіпті.

Сайнт (қасиетті) Валентин (ғашықтар) күнінің шығу тарихы: Зұлымдығымен танымал болған Рим Императоры II-ші Клаудиус үлкен әскери қол жинауды көздейді. (Милади 200 ж) Император әскерге қосылған еркектердің отбасыларын және сүйіктілерін ойлап соғыса алмай қалады деп сенеді. Осы себепті жастардың үйленуіне тыйым салады. Сол дәуірде Императорға қарсы шыққан және жастардың басын қосқан Валентин атты поп ғашықтардың ең жақын досы атанады. Мұны естіген император Валентинді түрмеге қаматады. Түрме күзетшісінің соқыр қызының сауығуына көмекші болған Валентиннің аты Императордың құлағына жетеді. Сөйтіп, 14-ші ақпанда поп өлтіріледі (Милади 270 ж).

 Өлген күні күзетшінің соқыр қызына жазған бір жапырақ қағазы табылады. Ол қағазда Валентин ғашықтардың арасындағы махаббаттан, құмарлықтан сөз еткен екен. Сол күннен бастап 14-ші ақпан Сайнт Валентинді еске алу үшін бір-бірлеріне ынтызар болған ғашық жандар тарапынан тойланып келеді.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031