Сұхбат ... Рамазан айы жақындады
Рамазан айының басталуына үш күн ғана қалды. Бұл айда Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:
«Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар. Көп Құран оқыңдар. Өйткені, рамазанда оқылған Құран кәрімнің әрбір әрпіне Хақ та’ала жәннат бақшаларынан бір бақша береді».
«Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүминдерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім және соңы тозақ отынан құтылу».
«Егер құлдар рамазан айындағы ізгілік пен жақсылықтарды білсе, бүкіл жылдың рамазан болғанын қалар еді. Өйткені, онда көп сауап бар».
«Рамазан айында бір күнә істеген адам екі азап алады. Рамазанда бір жақсылық жасаған адам екі сауап алады».
«Рамазан айының күндізі мен түнінде Құран кәрімнен бір аят оқыған адамға әрбір әрпі үшін бір шәйіт сауабы беріледі».
«Рамазанды құрметтеген адам Аллаһу та’аланы құрметтеген болады».
«Рамазан айт күні періштелер жолдың шетінде тұрып, айт намазына бара жатқандарға мынаны сүйіншілейді: «Ей, мүминдер қауымы! Сендерге жақсылықтар, мол ниғметтер беретін рақымды Раббыларыңнан тілеңдер. Өйткені, Ол сендерге түнді ғибадатпен өткізуді бұйырды, сендер орындадыңдар. Ол сендерге күндіз ораза тұтуды бұйырды, сендер тұттыңдар. Ол сендерге Раббыларыңа бағынуды бұйырды, сендер бағындыңдар. Олай болса, олардың қайтарымын алыңдар». Намаздан кейін бір періште былай дейді: «Біліңдер, ей, мүминдер. Бүгін күмәнсіз сый қайтару күні, күнәлардан құтылу күні және айыптардан тазару күні».