Сұхбат... Оразаны бұзбайтын нәрселер
1. Ораза екенін ұмытып, бір нәрсе жеп-ішу.
2. Аузына келген құсықты, бастан мұрынға келген сұйықты, сілекейді, (қақырықты) жұту.
3. Йод, май, сүрме жағу (бұлардың түсі, иісі түкірікте немесе зәрде сезілетін болса да оразаны бұзбайды).
4. Оттегі түтігімен жасанды ауа беру.
5. Оразаны бұзуға ниет етіп бұзбау.
6. Қаламай аузын толтырып құсу.
7. Аузына, мұрнына, тамағына шаң, түтін және маса кіру.
8. Өзі қалап, қинап біраз құсу.
9. Көзіне дәрі тамызу, ылғалды линза тағу.
10. Ғайбаттау (ғайбаттау оразаны бұзбаса да харам болып табылады. Оразаның сауабын азайтады).
11. Ұйқыда жүніп болу.
12. Тіс шұңқырына дәрі қою (дәмі ауызда, тамақта сезілсе де ораза бұзылмайды).
13. Иіссу және одеколон иіскеу оразаны бұзбайды (одеколонды мұрнына тартса ораза бұзылады).
14. Уколсыз тіс жұлдыру.
15. Жұтпай тамақтың дәмін тату.
16. Басқа адам шеккен темекі түтіні сақтанса да аузына, мұрнына кіру.
17. Тіс жұлдырғанда қанды түкіру, түкіріктен аз болса жұту оразаны бұзбайды.
18. Аузын жуғаннан кейін қалған ылғалды түкірікпен жұту.
19. Қан алдыру.
20. Құлағына су өтіп кету.
21. Ояу кезде қарап жүніп болу.
22. Мисуак қолдану.
23. Тістерінің арасында сәре тамағынан қалған ноқаттан кіші нәрселерді жұту.
24. Ғұсыл алу, душқа түсу.
25. Сау теріге дәрі, крем секілді кез келген жағылатын заттар оразаны бұзбайды.
26. Жараға имсак уақытынан бұрын жағылған сұйық дәрі имсак уақытынан кейін теріге сүзілсе де оразаны бұзбайды.
Бұлардың ешқайсысы оразаны бұзбайды.