Untitled Document

Сұхбат... Тарауих намазы

Тарауих намазы еркектерге де әйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының әр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптанның соңғы сүннеті мен үтiр намазының арасы. Мәселен тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге үтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса тарауих намазы емес, нәпiл намаз болады. Тарауих намазы жиырма рәкаттан тұрады.

Тарауих намазын оқу сүннет-и муәккәдә. Расулуллаһ (алейхиссалам) 3-4 күн тарауихты жамағатпен оқып кейін үйінен шықпаған еді. Себебін сұрағанда былай деп жауаптады:

«Тарауих намазының сендерге парыз болуынан қорыққаным үшін үйден шықпадым» (Бұхари).

Тарауихтың 20 рәкат болуы, жамағатпен оқылуы хадис шәрифпен білдірілген. Сүннет екендігі сахабалардың ижмасымен бекітілген. («Мәрақ-ил фәлах» шәрһі)

«Рамазанда 20 рәкат тарауих намазын оқыған адамның 20 мың күнәсі кешіріледі» (Ибни Әби Шәйбә).

Тарауихтың 20 рәкат болғандығына сенбеген адам «адасушы» екендігі «Нур-ул изах» шәрһінде жазулы.

Тараиух намазының сүннет болуы

Аллаһу та’ала қасиетті Рамазан айын жіберіп оған ерекше құндылық бергенде хазреті Омар бұл үлкен ниғметтің шүкірін өтеу үшін жиырма рәкат намаз оқуды өзіне міндет деп білді. Сахабалар да мұны ұнатты. Жағдайды пайғамбарымызға білдіргенде ол да ұнатты. Жәбрейіл алейһиссалам келіп пайғамбарымызға былай деді:

«Аллаһу та’ала Омардың және сахабалардың жасаған бұл ғибадаттарын қабыл етті. Хатым оқығандарды жәннатқа жіберетініне, олардан разы болатынына сөз берді» (Ә. Уаизин).




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30