Untitled Document

Сұхбат... Фатиха сүресінің қасиеті (2)

Бір сахаба Фатиха сүресін оқығанын айтқанында, пайғамбарымыз былай дейді:

«Ант етемін, Аллаһу та’ала Тауратта да, Інжілде де, Забурда да, Фурқанда да осы сүренің ұқсасын түсірмеген. Бұл сүре намаздарда қайталанып оқылатын жеті аят болып, маған берілген ұлы Құраннан» (Тирмизи).

Сүйікті пайғамбарымыз Жәбрейіл алейһиссаламмен бірге отырғанында бір періште келіп айтады:

«Сенен бұрын ешбір пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрменен сені сүйіншілеймін. Бұлар Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде беріледі» (Мүслим).

Бір тайпаның басшысын жылан шағып алады. Сахабалардың бірі Фатиха сүресін оқыған кезде Аллаһу та’аланың рұқсатымен әлгі адамға шипа қонады. Тайпа басшысы оған 30 қойды сыйға тартады. Сахаба алуы рұқсат болған-болмағанын білмегендіктен, сүйікті пайғамбарымыздан сұрайды. Расулуллаһ алейһиссалам: «Не оқыдың?» деп сұрайды. Ол Фатиха сүресін оқығанын айтқанда, оған былай дейді:

«Фатиханың шипа болатынын қалай білдің? Сол қойларды жаныңдағылармен бөліс және маған да бір бөлігін ажырат!» (Бұхари).

Дұға оқылуы білдірілген жерлерде Фатиха оқу жақсырақ болады. Фатиха сүресі дұғалардың ең жақсысын білдіру үшін түсті. Имам «әл-Фатиха» деген кезде әркімнің дауыссыз оқығаны жақсы болады. Өйткені дұғалардың соңында хамд ету (мадақтау) мүстаһаб. Ал хамд етудің ең жақсысы – Фатиха оқу (Бәриқа).




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031