Untitled Document

Тарих... Қасиетті мекеннің үш әйел қызметкері

Ибраһим алейһиссаламның әйелі Хажар анамыздың тапқан зәмзәм құдығы 4 мың  жылдан бері еш тоқтамастан, азаймастан адамдарға берекесін жаудыруда. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, осы зәмзәм суының мұсылмандарға қол жетімді болуында үш әйелдің қызметтері орасан зор. Біріншісі Хажар анамыздың суды табуы. Екіншісі Аббаси мемлекетінің халифасы Харун Рашидтің әйелі Зүбәйда ханымның 780 жылы 40 км ұзындықтағы су жолын жасатуы. Үшіншісі Осман патшасы Қануни Сұлтан Сүлейманның қызы Михримах сұлтан архитектор Мимар Синанға бұл су жолын жөндетуі және бұған қоса «Мекке су жолын» жасатуы.

Зүбәйда ханым салихалы әйел болатын. Көрген түсініксіз түсін заманының Шәйхулисламына жорытқаннан кейін, Хунайн тарапынан Меккеге, Меккеден Арафатқа дейін келетін су жолдарын жасатады. Муздалифа жолымен келген су қасиетті жердегі бұлақтардан ағады. Сұлтан қажылыққа келген қонақтардың суға деген қажеттіліктерін өтеу үшін жүз мың алтын жұмсайды. Зүбайда ханым сонымен қатар сарай, монша, қайырымдылық үйі және емхана сияқты мекемелер салдырады.

Османлы халифаты дәуірінде де сарай ханымдары, қолдарындағы мүліктерін жинап қайырымдылық жасауға асығатын. Қануни Сұлтан Сүлейманның қызы Михримах сұлтан да (1522-1574) пайғамбарымыздың шапағатына қауышу үшін өз атына құрған қорымен қасиетті топырақтарда қызмет ететін. «Айни Зүбәйда», яғни Зүбәйда ханымның салдырған су жолы 1560 жылдардан кейін жел, борандардың салдарынан қолданылмайтын халге келеді. Бұл мәселені шешу үшін тағайындалған топ су жолдарының жандандырылуы үшін және жасалатын жаңа каналдардың салынуы үшін 30 мың алтын (бүгінгі нарықпен есептегенде 1 миллиард теңге) керектігі туралы баяндама дайындап, патшаға айтады. Михримах сұлтан мемлекеттің бюджетіне жүк түсірместен өз қаражатынан 50 мың алтын қосады. 1563 жылы басталған жұмыстар 1573 жылға дейін тоқтаусыз 10 жыл жалғасып, 1000-нан астам адам жұмыс істеді. Бұл каналдар жақын күндерге дейін миллиондаған адамның су қажеттілігін қамтамасыз етті.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031