Untitled Document

Мәлімет... Тіс туралы қызықты мәліметтер

-ХІХ ғасырда Еуропада тістің сарғыш болуы сәнге айналған. Заманына қарай бөркіңді ки демекші, көпшілік сол кезде тістерін арнайы сары түспен бояған екен.

-Кейбір африкалық тайпаларда жан-жануарлардан ерекшелену үшін күрек тістерді орта   бөлігінен сындырған.

-Адам тістері 2-ақ рет өздігінен өседі. Біріншісінде, 20 сүт тістер пайда болса, кейінен 32 тіс шығады. Айтпақшы, «сүт тістер» деп алғаш болып Гиппократ атап кеткен.

-Тұңғыш рет электрлі тіс щеткасы Швейцарияда пайда болды. Қазіргі таңда әлемдегі 12% адамдар электрлі тіс щеткасын қолданады.

-Тістерге бағалы тастарды қондыру ерте кезде де сәнде болған. Мысалы, Майя тайпасының адамдары тістерін гауһар тастармен көркемдеген.

-Тістердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін бірден-бір спорт түрі – хоккей. Кәсіпқой хоккейшілердің 68% мұз айдынында кем дегенде бір тісінен айрылған.

-Алғаш стоматолог әйел адам – америкалық Люси Тэйлор.

-Ежелгі Римде тіс тазалау үшін арнайы құлдарды жалдаған. 

-Сағызға алғаш рет қантты 1869 жылы стоматолог Уильям Семпл қосқан болатын.

-Тіс 1000 градусқа дейін төзе алады.

-Ұлудың 25 000-ға жуық тістері бар.

-Кальцийдің 99%-ы тісте жинақталған.

-Какаоның құрамында тіс жегін алдын алатын қоректі заттар бар.

-Грейпфурт жемісі ауыз қуысы ауруларынан сақтайды.

-Қытайда 20 қыркүйек күні «Өз тістеріне махаббат» ұлттық мейрамы тойланады.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30