Untitled Document

Сұхбат... Төрт мазһабта ғұсылдың парыздары

Ханафи мазһабында:

1.Ауыз ішін жуу.

2.Мұрынның ішін жуу.

3.Бүкіл денені жуу.

Малики мазһабында:

1.Ниет ету.

2.Бүкіл денені жуу.

3.Дәлк. (Жуылатын мүшелерді ысқылап жуу).

4.Мууалат. (Арасын үзбей, мүшелерді бірінен соң бірін жуу).

5.Шашты тарамдау.
Шафии мазһабында:

1.Ниет ету.

2.Бүкіл денені жуу. (Кейбір кітаптарда Шафииде ғұсылдың парыздары үшеу делінген. Денедегі нәжісті тазалауды да қосқан. Дене жуылған кезде, нәжістен де тазаланатыны үшін, ғұсылдың парыздарына екі делінуінің зияны жоқ).

Ханбали мазһабында:

Ғұсылдың парызы біреу: бүкіл денені жуу. Бұл ғұсылдың бір рукны. Яғни ғұсылдың ішіндегі парызы. Ғұсылды бастаған кезде ниет ету және Бисмилләһ айту да парыз. Ауыздың және мұрынның іші дененің сырты боп саналғандықтан, бұларды да жуу парыз.

1.Ниет ету.

2.Бисмилләһ айту.

3.Бүкіл денені жуу.

4.Ауыз қуысын жуу.

5.Мұрынның ішін жуу.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031