Untitled Document

Сұхбат... Расулуллаһтың дұғалары

Пайғамбарымыздың мұсылмандардың қалай дұға етуі керек екендігін көрсететін хадистер көп. Олар:

«Йа Раббым! Саған бағынуды және көрсеткен жолыңмен жүруді нәсіп ете гөр».

«Йа Раббым! Пайдасыз ғылымнан, қабыл болмайтын ғибадат пен дұғадан сақтай гөр».

«Йа Раббым! Біз білетін және білмейтін барлық жақсылықтарды бер. Біз білетін және білмейтін жамандықтардан сақта».

«Йа Раббым! Барлық ісіміздің соңын жақсы ет, дүние қиындығы мен ақырет азабынан бізді қорға».

«Йа Раббым! Бізді сабырлылардан және шүкіршілік жасағандардан ет».

«Йа Раббым! Бізді достарыңа дос, дұшпандарыңа дұшпан болғандардан ет».

«Йа Раббым! Әлсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан және барлық аурудан сақтай гөр».

«Йа Раббым! Ісіне табанды, нығметіңе шүкіршілік ететін, ғибадатын жақсы орындайтын және дұрыс сөздер айтатындардан ет».

«Йа Раббым! Кемшіліктерімізді жасыр, қорқыныштардан сенімді қыл және қарыздарымызды төлеуді нәсіп ет».

«Йа Раббым! Денсаулық, жақсы мінез бер. Тағдырыңа риза болғандардан ет».

«Йа Раббым! Күндіз және түнде келетін бәле-жаладан, қиындықтардан, жаман достан және жаман көршіден сақтай гөр».

«Йа Раббым! Зұлымдық жасаудан және зұлымдық көруден сақтай гөр».

«Йа Раббым! Бізге дүние мен ақыретте жақсылық бер. Тозақ отынан сақта».

«Йа Раббым! Денеме, құлағыма, көзіме амандық бер. Күпірліктен, кедейлік пен қабір азабынан сақта».

«Йа Раббым! Өлгенге дейін ғибадат жасауды, өміріміздің қайырлы істермен аяқталуын нәсіп ет және жұмақты бере гөр».  




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031