Георгий лентасы
Георгиев лентасы 1769 жылдың 26 қарашасында дүниеге. Онымен орыс-түрік соғысы тұсында Ресей империясына шексіз берілгендіктің үлгісін көрсетіп, сол жолда батылдық танытып, ерлік жасағандарды марапаттаған. Үш қара, екі сары жолақтан тұратын, түтін мен отты бейнелейтін бұл лента қасиетті Георгиев ордені, ерекше әскери ордендер мен Георгиев крестінің орнына да жүрген. Сондай-ақ бұл лентаға 1854-1855 жылдардағы Севастополь қорғанысы мен Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлік жасаған Ресей империясының сарбаздары мен офицерлері қол жеткізген.
Одан кейінгі дәуірде 1896 жылы 14 шілдеде ІІ Николай патшаның бұйрығымен осы лента пайдаланылған «За походы в Средней Азии 1853-1895» атты әскери медаль жасалып, ол Орыс патшалығының Орталық Азия елдеріне жасалған басқыншылық соғыстарында көзге түскендер марапатталған. Күмістен және қоладан бұл медальға Орталық Азия жорығына қатысқан 30 мыңнан аса адам ие болған. Сол сияқты осы пішінде «За Хиванский поход», «За покорение Ханства Кокандского», «За взятие штурмом Геок-Тепе» деген медальдар жасалып, олар да бүгінгі Өзбекстан жеріндегі Хиуа, Қоқан хандықтарына, Түркменстан жерінде Гөк Тепе аймағына жасалған патшалық Ресей жорықтарының қатысушыларына берілген.
"Құрметті Қалығұл Әлібековке"
Бүлікші Кенесары Қасымовтың ісінде көрсеткен ерліктеріңіз үшін, өзіме император тақсыр берген билікке сай, Сiзге "ГЕОРГИЕВ Лентасына түйреп мойынға тағатын Күміс Медаль жіберіп отырмын. Сіздің осы жоғары сыйлықты дұрыс бағалайтыныңызға және Өзіңіздің қасиетті императорға берілгендіңізбен үкіметтің сенімін ақтайды деп сенемін», 1847 жыл Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков.
Кенесарыны азаптап өлтірген Ормон хан, Жантай манап, Қалығұл Әлібеков және т.б Қырғыз манаптарының барлығы 1850 жылдары әртүрлі себептермен, арттарында бipде-бip ұрпақ қалмастан түгелдей қаза табады.