Untitled Document

Жалғасы... Сізге қандай витамин жетіспейді? (2)

В витаминдер тобының жетіспеу­­ші­лі­гі ағза жасушаларындағы азықтың азды­ғынан болады. Оның соңы ішек жұ­мыс­тарының бұзылуына әкеліп соғады. Бұл топтағы витаминдер ішекте сіңетіндіктен ішек­тегі кез келген проблемалар ағзадағы осы витаминдердің жетіспеуіне әкеліп со­ға­ды. Одан арылу үшін Сіздің азығыңызда жануарлардан алынатын өнімдер көп болуы керек, мысалы, жұмыртқа, бауыр, жүрек, сүт. Сол секілді В витаминдер тобын сәбіз бен капустадан және жасыл бұрыштан іздеуге болады.

Егер ағзаңыздың инфекцияға қар­сы тұру қабілеті төмендесе, сәл суыққа тоңғыш болсаңыз, ұйқыңыз бұзылса, ойы­ңызды жинақтай алмайтын болсаңыз, кейде тісіңіздің еті қанайтын болса, күнде­гідей тамақтанып жүргеніңізбен толып кетсеңіз, онда С витамині, яғни аскорбин қышқы­лы жетіспейді. Адам бо­йындағы жағымсыз әрекеттердің барлығы (жұмыстан қатты шаршау, түнгі ұйқының бұзылуы, тағы басқа) ағ­зада С витаминінің тау­сылуына әкеліп со­ғады. Никотин мен алкоголь де С вита­минін азайтады. Оның орнын толтыру үшін киви жеңіз. Екі орташа киви бір күндік С витаминін береді. Егер цитрус­ты жемістерге аллергия болмаса, оларды көбірек пайдалану керек.

Көзіңіз талып, көруі нашарласа, тіс эмалінде жарықтар пайда болса, жиі ашула­натын болсаңыз, буын-буыныңыз қақ­саса,­ бұлшық етіңіздегі әлсіздікті сезінсеңіз, он­да сізге Д витамині жетіспейді. Оған қыс­тың қысқа күнінде ағзаға керекті ультра­күлгін сәулесін жеткілікті түрде ала ал­майтынымыз себеп. Ал Д витамині жетіс­пегенде каль­цийдің ағзаға сіңуі нашарлайды. Соның салдарынан Д витамині жетіспе­генде сүйек жіңішкеріп, шаш жиі түсіп, тырнақ сынғыш болады. Егер күн көзіне шығуға мүмкіндік болмаса, терезенің алдында күн сәулесі түсетін орында отырыңыз. Жаздың күндері қауіпсіздік ережелерін сақтап күнге қыздырынып қоюға да болады. Ағзада Д витамині жеткілікті болсын десеңіз, аптасына екі рет бір порция (100 грамм) ар­қан балық (лосось) жеп тұрыңыз.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031