Мақала... Ерте тұрудың артықшылықтары
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) : «Таң намазын оқығаннан кейін ризықтарыңды табудан қапыда қалып ұйықтамаңдар» деген (Табарани).
Осы сөзді естісек те көп мəн бере бермейміз. Бұрындары ауылдық жерде ата-əжеміз, əке-шешеміздің ерте тұрып мал жайғап, сауған сүттерін тартып, от жағып, қазандыққа, шай дайындап ішіп отқанын бəріміз көріп өстік. Ал қазір қалада ерте тұрудың қандай пайдасы бар? Не үшін ерте тұруымыз керек?
-1ші, денсаулығымыздың жақсы болуы үшін ерте тұруымыз қажет. Статистика бойынша ерте тұратын адамдар кеш тұратын адамдардан ұзақ өмір сүреді екен.
-2ші, жұмыс өнімділігіңіз артады. Ерте тұрып істелген жұмыз тез бітеді. Мысалы, сіз 1-1:30 сағат істейтін жұмысты жарты сағатта бітіруіңіз ғажап емес.
-3ші, ерте тұрсаңыз сіз өзіңіздің сүйікті хоббиіңізбен айналысуға уақытыңыз болады.
-4ші, сіз ерте тұрып күніңізді жоспарлай аласыз. Бұрынғыдай жұмысқа асығып таңғы асыңызды ішпей кетсеңіз, енді сіз ештеңеге асықпай таңғы асыңызды іше аласыз жəне есіңізде болсын таңертең ішкен асыңыз ағзаңызға күш беретін пайдалы ас болуы керек.
-5ші, ерте тұру əдеті көбінесе табысты адамдардың əдеті.