Жалғасы... «Қиямет және ахирет» кітабынан үзінді (2)
Одан кейін тағы үндеу шығып: «Аллаһтан қорқып харам істемегендер және жылағандар қайда?» - делінеді. Олар да әкелінеді. Олардың көз жасы шәһидтертің қаны және ғұламалардың сиясымен салыстырылып тартылады, көз жасы ауыр басады. Оларға да оң жаққа өту бұйрылады. Оларға арнап әр түрлі түстермен безендірілген байрақ көтеріледі. Өйткені олар әр түрлі харам істеушілердің арасында жүріп, «Құдай мейірімді, кешіреді» деп алдағандарға алданбай харам істемеген еді. Түрлі күнәлардан сақтанып, Аллаһу та'аладан қорқып жылаған еді. Кей бірі Аллаһу та'аладан қорқып, кей бірлері дүниелікке берілуден, ал басқа бірі өкінгенінен жылаған еді. Олардың байрақтары Нұх алейһиссаламға беріледі. Ғалымдар олардың алдына өтпекші болып: «Оларға Аллаһ үшін жылауды біз үйреттік»,- дейді. Бір үндеу шығып: «Йа, Нұх, өз орныңда қал!» делінеді. Нұх алейһиссалам бірден тоқтайды, әлгі жамағат та Онымен бірге тоқтайды.
Әһли сүннет ғалымдарының сиясы мен шәһидтердің қаны салыстырылып тартылады. Ғалымдардың сиясы ауыр басып, оларға оң жаққа өту әмір етіледі. Шәһидтерге гүлді байрақ арналып, Яхия алейһиссаламның қолына беріледі. Яхия алейһиссалам олардың алдында жүреді. Ғалымдар олардың алдына өтпекші болып: «Шәһидтер біздің білімімізден үйреніп соғысты. Біз олардың алдында жүруге лайықтырақпыз» дейді. Сол кезде Аллаһу та'ала мейірімін көрсетіп: «Ғалымдар менің алдымда пайғамбарларым сияқты» дейді де, ғалымдарға қарап: «Қалаған адамдарыңа шапағат етіңдер» деп айтады. Ғалымдар туған-туысқандарына, көршілеріне, мүмин бауырларына және шәкірттерінен олардың айтқанымен жүргендерге шапағат етеді. (Жалғасы ертең...)