Untitled Document

Жалғасы... Ислам діні – орта жол (2)

● Ғибадат жасауда да ифрат, тәфрит болады. Аз ғибадат ету – тәфрит. Күні-түні тек ғибадат жасау – ифрат. Күш-қуаты жетпесе де ғибадат етуге тырысу, мысалы түнде еш ұйықтамай намаз оқу, күндіз күні ораза тұту, әйелінен ұзақ қалу, ет, сүт, тәтті тағамдарды еш жемеу ифрат, шектен шығу болып табылады.

Хадис шәрифте былай делінеді: «Дінімізде өмір бойы үйленбей жалғыз өту деген нәрсе жоқ. Ет жеңдер, әйелдеріңмен қосылыңдар! (Нәпіл) оразасын да тұтыңдар. Тұтпаған күндерің де болсын! (Нәпіл) намазын да оқыңдар! Ұйықтаңдар да. Мен осылармен әмір етілдім». (Табарани)

● Тәкаппарлану (өзін үстем санау) – ифрат, тәмәллук (өзін шамадан тыс төмендету) – тәфрит. Орта шамасы – қарапайымдылық.

● Басшылардың жұмысшыларына тым қатал мәміледе болуы – ифрат, ал мүлдем назар аудармауы – тәфрит. Қол астындағы қызметшілерге өте қатал немесе өте жұмсақ мәміледе болмау керек. Орташа мәміледе болу керек. Егер өте жұмсақ мәміледе болатын болса, қызметшілері басшысын елемейтін, құрметтемейтін, жұмысына немқұрайлы қарап, толық көлемде орындамайтын болады. Егер шектен тыс қаталдық танытатын болса, басшысын жек көретін болады.

● Бір кісіні өте жақсы көріп, барлық сырларын жайып салу – ифрат. Досына жақсы көретінін білдіртпеу, барлық нәрсені одан жасыру да – тәфрит. Дұшпандықта да шектен тыс кету – ифрат. Достықта да, дұшпандықта да шамадан тыс кетпеу керек. Пайғамбарымыз былай деген: «Бір кісіні күндердің күнінде араларыңның ашылып қалуын есепке алып жақсы көр! Жек көретін адамыңды да күндердің күнінде дос болып қалуыңды ойлап жек көр!» (Тирмизи)

 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031