Untitled Document

Аңыз... Жиреншенің Жәнібек ханмен кездесуі

Халық арасында Әз Жәнібек хан мен Жиренше шешеннің достығы жайлы көптеген аңыз-әңгімелер бар. Өз заманының білгір билеушісі Әз Жәнібек пен ақыл-ой дариясы Жиренше шешеннің достығы мына оқиғадан бастау алады деседі.:

Әз Жәнібек хан жігіт кезінде өзінің бір топ достарымен серуен құрып келе жатса, алдынан бір аққұбаша бала кездесе кетеді. Жеті-сегіздер шамасындағы әлгі бала жалаң аяқ, үсті-басы жұлым-жұлым екен.

- Бұл елсіз далада неғып жүрген баласың?

- Сүтін ішіп жүрген жалғыз інгенім бар еді, содан айрылып қалып, осы даладан іздеп жүрмін.

- Інгенді тұсап қойсаң етті?

- Тұсап жүруші едім, тұсауы үзіліп кетіпті.

Жәнібек те жастайынан естияр, ақылды екен. Жетім баланың өлген шешесін жұмбақтап айтқанына түсіне қойыпты.

- Е-е, сенің шешең өліп, ана сүтінен айрылған жетім бала екенсің ғой, кел атыма мінгес. Жәнібек жігіт әлгі баланы атына мінгестіріп, үйіне әкепті. Жуып-шайындырып киіндіріпті. Ауыл адамдары оны түсіне қарап "Жиренше бала" деп атап кетіпті.

Болашақ екі дана жас кезінен-ақ осылайша кездесіп, өле-өлгенше бір-біріне ақыл-серік боп кетіпті, - дейді ел аңызы.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031