Untitled Document

Сұхбат ... Нағыз тәубе

Тәубе ету дегеніміз – күнә істегеніне өкіну, Аллаһу та’аладан қорқу, күнәны қайта істемеуге шешім қабылдау деген сөз. Хазірет Әли былай дейді:

«Нағыз тәубе 6 нәрсе арқылы болады:

      - Жасаған күнәларыңа өкіну,

      - Қазіргі сәтте күнә істемеу,

      - Енді қайтып істемеуге бел буу,

      - Құл мен Аллаһу та’аланың ақысын өтеу,

      - Күнәнің ләззаты сияқты ғибадаттың да ләззатын тату,

      - Хараммен азықтанған тәнді ғибадаттармен тазалау».

Егер істелген күнәларда құл ақысы да бар болса, ол адамнан кешірім сұрау керек. Қарызы болса, төлеу керек. Құл қарыздарын өтеп, олардан кешірім сұрап, басқа күнәларына тәубе еткен адам ешқандай күнә жасамағандай болады.

Сұхбат... Құран кәрім оқуды жалғастыр

Муаз бин Жебел радиаллаһу анһ былай риуаят етеді: «Расулуллаһпен бірге сапарда жүрген кезіміз болатын. Бірде пайғамбарымызға: “Йа, Расулаллаһ! Бізге пайдамызға жарайтын насихат айтыңызшы” деп өтіндім. Сонда пайғамбарымыз: “Егер саидтердей өмір сүріп, шәйіттер секілді жан тапсыруды, қайта тірілу күнінде құтылғандардан болуды, қиямет күнінің азапты ыстығынан Арштың көлеңкесінде паналануды, адасушылықтан құтылып хидаятта болуды қаласаңдар, Құран кәрімді оқуды жалғастырыңдар. Өйткені Құран кәрім Рахманның сөзі, шайтанға қарсы сенімді қорған, Мизанда сауаптың ауыр келуіне себепші”,- деді».




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031