Ғұлама... Хадис ғалымдары
Хадис ғалымдары – өте үстем адамдар. Рауилерімен (риуаят етушілерімен) бірге жүз мың хадис шәрифті жатқа білетін адам «Хафыз» деп аталады. Құран кәрімді жаттаған адамға хафыз емес, «Қари» делінеді. Қазіргі таңда хадис шәрифтерді жатқа білетін адам болмағандықтан, қари орнына кейбір елдерде қателікпен хафыз деп аталып жүр. Екі жүз мың хадис шәрифті жатқа білетін адам «Шәйх-ул-хадис» деп аталады. Үш жүз мың жаттаған адам «Хужжәт-ул-ислам» деп аталады. Үш жүз мыңнан көп хадис шәрифті рауилерімен, дәлелдерімен бірге жаттаған адам «Хадис имамы» және «Хадис мүжтәһиді» деп аталады.
Дұрыстығы бүкіл Ислам ғалымдары тарапынан мақұлданған хадис кітаптарынан алты данасы бүкіл әлемде танымал болған. Бұл алты кітап «Кутуб-и Ситтә» деп аталады. Кутуб-и Ситтәні жазған алты үлкен ғалымдар мыналар: 1) Имам Бұхари, хадис кітаптарында қысқаша «Х» әрпімен белгіленеді. 2) Имам Мүслим, «М» әрпімен белгіленеді. 3) Имам Малик бин Әнас, «Ма» әрпімен белгіленеді. «Муватта» атты кітабы – алғаш жазылған хадис кітабы. Кейбір ғалымдар Кутуб-и Ситтәні ретімен атағанда «Муватта» орнына Ибн Мажаның «Сүнән» кітабын атаған. Ол қысқаша «МЖ» әріптерімен белгіленеді. 4) Имам Тирмизи, «Т» әрпімен белгіленеді. 5) Имам Әбу Дауд, «Д» әрпімен белгіленеді. 6) Имам Нәсаи, «С» әрпімен белгіленеді.
Мәшһүр және өте құнды хадис кітаптарынан Имам Ахмед бин Ханбал хазреттерінің «Мүснәді» «Х», Әбу Я’ланың «Мүснәді» «Я’ла» және Абдуллаһ Даримидің «Мүснәді» «ДР», Ахмед Бәззардың «Мүснәді» «З» әрпімен белгіленеді. Бұл кітаптар «Мәсанид» деп аталады.
Одан бөлек Имам Суютидің «Жами-ус-Сағир уә Кәбир» кітабы, Бәйһақидың «Мүснәд» және «Дәлаил» кітаптары, Хакимнің «Мүстәдрәк» кітабы, Табаранидың «Мужәм-ул-Кәбир», «Сағир» және «Әусат» кітаптары, Хәйсәмидің «Мәжма-уз-Зәуаид» кітабы мәшһүр. Усул-и хадис ғылымын үйрететін Имам Нәуәуидің «Тақриб» кітабы және мұның Суюти тарапынан жасалған «Тәдриб-ур-Рауи» шәрһі кең таралған.