Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Күлімдеу және қарқылдап күлу

Күлімдеу, жымиып күлу, жылы жүзді болу, күлімдеп жүру өте жақсы қасиет. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мүмин бауырының жанында қабағын асып тұратын адамға періштелер лағнет етеді.» (Хатиб)

«Жақсылықты күлімдеп жүретін адамдардан сұраңдар.» (Бәйһақи)

«Мүмин бауырының бетіне күлімдеп қарау садақа болып табылады.» (Ж.Сағир)

Алайда шамадан тыс көп күлу, көп қалжыңдасу, қарқылдап дауыс шығарып күлу жақсы емес. Әсіресе басшылар үшін көп күлу лайықты қылық емес. Өйткені көп күлу адамның айбарын, салмақтылығын кетіреді, әдебін азайтады. Хазреті Омар радиаллаһу анһ: «Көп күлетін адамның айбары азаяды, көп қалжыңдасатын адамға айналасындағылар жеңіл қарайтын болады» деген. Хадис шәрифте былай делінген: «Көп күлу көңілді өлтіреді және мүминнің қадірін түсіреді» (Тирмизи)  

Тәнбихул-ғафилин кітабында былай делінеді: «Қарқылдап дауыс көтеріп күлу мәкрух. Мына бес нәрсені ойлайтын адам қарқылдап күле алмайды: 1) Істеген күнәларын ойлағанында уайымнан күле алмайды. 2) Жасаған жақсы амалдарының қабыл болғандығын нақты білмегендіктен күлуі дұрыс болмайды. 3) Келешекте не болады, соңым не болады деп ойлаған адам уайымнан күле алмайды. 4) Жаннат пен жаһаннамның қайсысына баратынын білмейтін адам қамығуы керек. 5) Аллаһу та’ала менен разы ма, әлде ашулы ма?»

Мақаланы Мәулана Жалаләддин Руми хазреттерінің мына сөзімен тамамдайық: «Адамның қалай күлгендігі тәрбиесінің, ал не нәрсеге күлгендігі ақылының деңгейін көрсетеді».

 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031