Untitled Document

Бүгін... Республика күні

1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.

Сұхбат... Ұйқы әдебі

  1. Дәретпен жату керек.
  2. Мисуак қолданып, оң жақпен қыблаға қарап жату сүннет.
  3. Қарыздары және маңызды жұмыстары бар адам өсиет жазбастан жатпауы керек.
  4. Күнәларына тәубе етіп ұйықтау керек.
  5. Жатар кезде түнде тәһәжжүд намазын оқу үшін тұруға ниет етіп жату керек.
  6. Ұйқысы келмей тұрып жатпау керек.
  7. Жатқанында бір Фатиха, үш Ихлас, бір реттен Фәлақ пен Нас сүрелерін және Аят-әл-күрсиді оқу керек.
  8. Ұйқының өлімнің бір түрі, ал оянудың тірілу екенін ойлау керек.
  9. Жатқанда ертеңгі күні қайырлы істерді істеу үшін күш жинауға, демалуға және таң намазына тұруға ниет етіп жату керек.