Untitled Document

Сұхбат... Осман ғазидің насихаты

Осман империясының негізін қалаушы Осман ғазидің соңғы сапарға аттанар алдындағы баласына айтқан өсиеті:

«Аллаһу та’аланың әмірлеріне қайшы нәрсе істеме. Білмегеніңді дін ғалымдарынан сұрап үйрен. Мән-жайын жақсылап біліп, түсінбейінше іске кіріспе. Саған бағынғандардың көңілін хош тұт. Әскерлеріңе жақсылық жасауды ұмытпа, өйткені адам жақсылықтың құлы деген сөз бар. Залым болма! Әлемді әділетіңмен мәртебелендір және Аллаһ үшін күресіп мені қуант. Ғұламалардың айтқанына құлақ түр, осылайша дін істері жүйелі болсын! Қайда білімді адам көрсең оған ілтипат көрсет. Әскерің мен мал-мүлкіңнің көптігінен тәкаппарланып, ғалымдардан алыстап кетпе. Біздің лауазым Аллаһтың жолы. Мақсатымыз Аллаһтың дінін тарату. Күш атасын көрсету емес. Саған осы айтқандарым жарасады. Әрдайым адамдарға жақсылық жаса. Мемлекет істерін нұқсансыз, кемшіліксіз атқар. Бәріңді Аллаһу та’алаға аманат еттім! Қош, сау болыңдар!» 

Осман ғазидің бұл өсиет-насихаты Осман мемлекетінің конституциясындай маңыздылыққа ие болды. Осман сұлтандарының барлығы дерлік осы насихатты жүрекпен қабылдап орындауға тырысты. Осылайша тарихта ешбір елге нәсіп болмаған 623 жылдық ғұмырға ие болды. 




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031