Үй үшін… Практикалық мәлімет
♦ Жып-жылтыр мұзға қол жеткізу үшін, қайнатылған суды суытып, қатырылады.
♦ Айнаны жылтырлату үшін, сірке суымен сүртіледі.
♦ Сағыздың дағын, 1 сағат мұздатқышқа қойып тазалауға болады.
♦ Лимоннан көп шырын алу үшін, біраз ыстық суға салып қою керек.
♦ Орамжапырақтың иісінен құтылу үшін, қайнатылған суға бір тілім нан салынады.
♦ Қолдағы балықтың иісін кетіру үшін алма сірке суымен сүртіледі.
♦ Пияздың қабығын ашығанда сағыз шайналса көз жасаурамайды.
♦ Картоптардың (ашылмаған) тез пісуі үшін, ашылған бір картоптың жартысы кастрөлге салынады.
♦ Жұмыртқа тұзды суда пісірілсе жылдам піседі және жарылмайды.
♦ Құмырсқалар қиярды жақтырмайтындықтан шығатын жерлеріне қойылады.
Сіз білесіз бе?... Көз жасы
Қобалжуларға себеп болатын кейбір токсиндердің бір бөлігі көз жастарымен денеден шығып кетеді. Сонымен қатар көз жасы – көзді жұмып ашу арқылы болатын тұрақты үйкеліс себебінен көздің бұзылуының алдын алады.
Фрейдің зерттеулері бойынша, әйелдердің еркектерден көбірек өмір сүрулері, олардың көп және еркін жылауларына байланысты. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, әйелдердің көз жастарын жинау мүмкін болғанда, 70 жастағы бір әйелдің көз жастары бір шелекті толтырады екен.