Untitled Document

Сұхбат... Сауда-саттық (1)

Дінімізде сауда-саттық жасау, сатып алу да, саудагер болу да мақталған. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Саудада береке бар, саудаға өтірік, қиянат араласқан кезде берекесі кетеді». (Бұхари)

«Адал саудагер, пайғамбарлармен, сыддықтармен, шәһидтермен бірге болады». (Тирмизи)

«Ең жақсы табыс мына саудагердікі; саудада өтірік айтпайды, берген уәдесінен қайтпайды, сатар кезде тауарын мақтамайды, алар кезде де (арзан алу үшін) жамандамайды». (Дәйләми)

Тауарды таразға тартқанда алдамау керек, дұрыс өлшеу керек. Аллаһу та’ала Мутаффифун сүресінде: “Берерде кем өлшеп, алғанда көп өлшейтін адамға қатты азаптар беремін”,- деп бұйырған.

Сауда-саттықта мұқтаж, кедей адамнан қандай да бір нәрсе сатып аларда артығырақ ақшаға сатып алып оны қуантқан жақсы болады. Осылай напақасын еңбекпен, маңдай термен тауып жүрген кедейге көмектесу садақа беруден де сауапты іс болып табылады. Бұлай істейтіндер расулуллаһтың дұғасына қауышады. Өйткені пайғамбарымыз: «Сауда-саттықта жеңілдік танытқандарға Аллаһу та’ала мейірім етсін!»- деп дұға еткен. Бірақ байлардан сатып аларда алдану жақсы емес. Саудаласып арзанға алған абзалырақ болады. Имам Хасан мен Хусейн радиаллаһу анһума бірдеңе сатып аларда саудаласып, арзанға алуға тырысатын. Оларға: «Мыңдаған дирхам ақшаны садақа ретінде бересіз де, бірдеңе аларда неге сонша саудаласасыз?»- деп сұрағанда: «Бергендерімізді Аллаһ разылығы үшін берудеміз. Қанша көп берсек те аз. Бірақ сауда-саттықта алдану ақыл мен малдың нұқсан болуы»,- дейтін. (Жалғасы ертең...)