Untitled Document

Жалғасы... Сауда-саттық (2)

Жақсы амалдардың ең қадірлісі кедейлерге қарыз беру. Сондай-ақ, қарызын кешіктірсе, оған уақыт беру, оны қинамау да үлкен сауап. Бұрындары салихтердің (жақсылардың) дүкенінде екі дәптер болатын. Біреуіне тек кедейлердің қарызын жазатын, ал адамның атын өзі ғана түсінетіндей өзгертіп жазатын. Тіпті кей қарыздардың тұсында адам аты жазылмайтын. Осылайша егер өзі кенеттен қайтыс болса, ешкім әлгі мұқтаж жандардан ақша талап ете алмайтын. Ал кейбіреулері мұндай кедейлерге берген қарызын мүлдем дәптерге жазбайтын. Кедей қарызын әкелсе, алатын, әкелмесе сұрамайтын. Аталарымыз осындай кең пейілді болатын. 

Расулуллаһ алейһиссалам былай деген: «Қияметте күнәсі көп бір мұсылман есепке тартылады:

- Сен дүниеде мүлдем жақсылық жасамадың ба?-деп сұралады.

- Жоқ, жасамадым. Бірақ жұмысшыма: “Берешегі бар кедейлерді қинама!” Қайтаруға қашан шамасы келсе, сол кезде беруін айт. Тағы қарызға сұрап келсе бер, қолын бос қайтарма!» дейтін едім,- дейді.  

- Ей, құлым! Бүгін сен кедейсің, мұқтажсың! Сен дүниеде менің құлдарыма мейірім еткеніңдей, бүгін Мен саған мейірім етемін,- деп оны кешіреді». (Бұхари)

Зеректік жұмбағы... Қанша минут

Ең көбі екі ғана адамды көтере алатын көпірден 4 адам қараңғыда қарсы бетке өтуі керек. Шам біреу ғана. Қарсы бетке бұл төрт адамның біреуі 1 минутта, екіншісі 2 минутта, үшіншісі 5 минута, төртіншісі 10 минутта өте алады. Шам біреу ғана болғандықтан ақырын жүретін адам жанындағын да ақырын жүруге мәжбүрлейді. Мәселен 2 және 10 минутта өтетін адамның екеуі бірге 10 минутта өтеді. Және артқа шамды бір адам кері алып баруы тиіс. Төртеуі қарсы бетке ең аз дегенде қанша минутта өте алады? (Жауабы ертең...)




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031