Untitled Document

Мақала... Санта Клаус сандырағы

Әр жылы қыстың басталуымен үлкен қалаларымыздағы дүкендердің маңдайлары мен витриналарын «рождество» суреттері мен маникендері қаптап алады. Тіпті «санта клаус» киімін киіп көшелерді аралап жүретін адамдарды да көреміз. Ұлттық мәдениетіміздің жаңғырмай, керісінше батыс шикілігінің, әсіресе христиандықтың «санта клаус» (святой Николай) аңыздарының санамызға сіңірілуі көңілге қаяу салары сөзсіз. Тіпті ұлттық мейрамымыз тәуелсіздік күніне осыншалықты көңіл бөліне ме екен деген де сұрақ туындайды. Әр ұлт өзінің мәдени түп-тамырын көтеруі, өзінің әдет-ғұрпымен өмір сүруі қалыпты нәрсе. Бірақ біздің батыстық, тіпті христиандық әдет-ғұрыптарға не қатысымыз бар екен.

Жаңа жыл басқа, рождество басқа. Жаңа жыл әдет, ал рождество христиандардың діни мерекесі. Бірақ телебағдарламаларда, киноларда, жарнамаларда жаңа жылмен емес, рождествомен құттықтаулары, рождествоны алдыңғы қатарға шығарулары не мақсатта болды екен?

Бәріміз білеміз білімнің ұлты болмайды, техникада да солай. Батыстың білімін, техникасын алуымыз, өркендеуіміз, олардан да озат болуымыз керек. Бірақ батыстың, салт-дәстүрлеріне, жаман әдеттеріне еліктеудің себебі не екен?

Орыстармен басқа да азшылықты құрайтын христиан ұлттарды есептемегенде еліміздің көпшілігі мұсылмандар. Әйтсе де «кристмасс» (рождество христово), «святой валентин», «пасха» күндерін тойлайтындардың ұлтжандылығы, діни ождандары қайда қалды екен?..

Сөзді қорытындылай келгенде отандастарымыз, пайғамбарымыздың туған күніне, айт мейрамдарына да осыншалықты мән берсе, ұлттық әдет-ғұрыптарымен ұстанымдарына берік болса екен дегіміз келеді.