Untitled Document

Мақала... Батыстың көзқарасымен пайғамбарымыз

Француз жазушы, ақын және саясатшы Ламартин (1790-1869ж) шығыс елдеріне жасаған екі саяхатынан кейін мұсылмандарды жақыннан тану мүмкіндігіне ие болады. Тек шіркеулер мен поптарды ғана емес, христиандықтың түп-негізін зерттей бастайды. Ислам тарихын оқыған сайын, сүйікті пайғамбарымызға болған таңданысы, құрметі арта түседі. Ол өзінің «Түркия тарихы» (Histoire de la Turquie) атты туындысында былай дейді:

«Дүниеде одан басқа ешкім ол қалыптастырғандай ұзақ ғұмырлы және алып өркениет қалдыра алған емес. Өйткені ислам, екі ғасырдан да аз уақыт ішінде сенім және өктемдік тұрғысынан бүкіл Арабстан және Хорасан, Мәуреннахр, Пәкістан, Сирия, Эфиопия, бүкіл солтүстік Африка, Испания және Ақтеңіздің бірнеше аралдарына тарады. Тарихтағы ұлы тұлғалардан қайсысын Хазреті Мұхаммедке теңестіру мүмкін? Ең атақты адамдар тек әскерлер, заңдар және империяларды ғана құрған. Көбінесе көз алдарында-ақ құлдырап жойылып кеткен дүниеде қалатын биліктерден басқа ештеңе құра алған емес. Ал ол болса, әскерлерді, заңдарды, империялармен хандықтарды дүр сілкіндіргенімен қоса, миллиондаған адамдардың оянуына және пұттар мен жалған сенімдердің әшкереленуіне, пікірлердің жандануына себепкер болды. Әрбір әріпі заң саналатын Кітапқа сүйеніп, әртүрлі тілден және әртүрлі нәсілден құралған үмметті жетілдірді. Әлемнің үштен бір бөлігінің осы сенімге бағынуы, оның муғжизасы болып табылады.

Уағызшы, пайғамбар, жауынгер, заңдарды қалыптастырған, бұзық сенімдермен күрескен және Ислам мемлекетін құрған...

Міне хазреті Мұхаммед дегеніміз осы! Адамдардың ұлылығын, үстемдігін өлшеу үшін қолданылатын бүкіл өлшемдермен өлшесек те одан асқан үстем адамды таба алар ма екенбіз? Меніңше, жоқ. Оған теңесетін адамның болуы да мүмкін емес.