Untitled Document

Сұхбат... Ясин сүресінің пайдалары

Хадис шәрифте былай делінген:

 «Құран кәрімде бір сүре бар, оған Аллаһ дәрежесінде «Азыйма» делінеді. Бұл сүрені оқыған адам қиямет күні көптеген адамдарға шапағат етеді. Бұл сүре – Ясин сүресі».

Ясин сүресін оқудың біршама пайдалары:

1) Ажалы келмеген науқас шипа табады.

2) Ажалы келген науқас өлім азабын тартпайды.

3) Өлген кезде жәннат періштелерін көреді.

4) Адам қорыққан нәрсесінен сақ болады.

5) Мұқтаждар жәрдемші табады.

6) Аш адам тоқ болады. Яғни күтпеген жерден ризық келеді.

7) Сусыз қалған адам қанғанша жететін су табады.

8) Бойдақтардың үйленуі оңай болады.

9) Киімі болмаған адам киім табады.

10) Жоғалған нәрсе табылады.

Бірақ осыған ниет етіп және сеніп оқу керек.

Имам Шарани былай деген:

         «Ауруымнан жазылсам немесе пәлен жұмысым жүріп кетсе, сауабын хазіреті Сәйидәт Нәфисаға бағыштау ниетімен үш рет «Ясин» сүресін оқу немесе бір қой сою нәзірім (атағаным) болсын» деген адамның бұл тілегі қабыл болатындығы көп рет тәжірибеде байқалған.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031