Untitled Document

Тарих... Әлемдегі ауқымды өзгерістер.

¨ 1000 жыл бұрын: Мексикада Юкатан штаты аймағында орын алған қатты құрғақшылық Майя мәдениетінің жойылуына әкеп соқтырды.

¨1709 жылы – Көмір алғаш рет өнеркәсіпте қолданысқа енді. 

¨ 1807 жылы – Тас көмірінен алынған газ (коксті газы) көше шамдарын жарықтандыру мақсатымен қолданыла басталды.

¨ 1847 жылы –  Алғаш Мұнайды зерттеу жұмыстары Әзірбайжанның Баку қаласында басталды.

¨ 1856 жылы – Алғаш Мұнай өңдеу заводы Польшаның Ясло қаласына жақын Улошовицеде іске қосылды.

¨ 1879 жылы – Алғаш электр лампасы АҚШ-та Эдисон тарапынан жағылды.

¨ 1885 жылы – Германияда Карл Бенз есімді инженер бензинмен жүретін 3 дөңгелекті автомобилін (Трицикл) халыққа ұсынды.

¨ 1931 жылы – 3 жылдық құрғақшылықтан кейін Қытайда айларға созылған жаңбырдың нәтижесінде Янцзы өзені 29 м көтерілді және 3,7 миллион адам қаза тапты.

¨ 1970 жылы – 20-шы ғасырдың ең күшті дауылы Бангладеште болып, елдің басым бөлігі 7,5 м су астында қалды. 500 мыңға жуық адам өлді.

¨ 1991 жылы – Филиппин аралындағы Пинатубо жанартауынан шыққан шаң мен түтін температураның ғаламдық деңгейде 2 градусқа азаюына себеп болды.

¨ 2005 жылы – Катрина дауылында АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласында 1836 адам қаза тапты және жаһандық жылыну сол жылы ең үлкен деңгейге жетті.

¨ 2006 жылы – Гренландия аралындағы мұздардың еруі күрт артты.

¨ 2011 жылы – Құрғақшылық салдарынан Сомали, Эфиопия және Эритрея сияқты елдерде болған аштық салдарынан үлкен шығындар орын алды...