Untitled Document

Сұхбат ...Қағба және Зәмзәм суы

Қағбаның ұмытылған жылдардың бірінде Ибраһим алейхиссалам Хажар анамызбен ұлы Исмаилды алып қазіргі Қағба тұрған жерге келеді. «Маған сендерді осы жерге қалдыруым бұйырылды» деп бұрылып кетеді. Хажар анамыз тәуекел етіп әмірге мойын иеді де «Раббым бізге жеткілікті!» дейді. Жандарында бір шөлмек су және 3-5 дана құрма бар еді. Оның үстіне Исмаил әлі нәресте еді. Хажар анамыз бір нәрсе табуға үміттеніп Сафа төбешігіне шығады. Бірде-бір ағаш, қураған шөп те жоқ болады. Кейін Мәруа төбешігіне шығады.

Қайтып келгенінде ұлын таппай қалады. Қатты абыржыған күйде қайтадан Сафа және Мәруа арасында ыстық күн астында 7 рет қиналып жүгіріп жүреді. Кейін тәтті дауыс естиді. Алдынан айдай жарқыраған Жәбраил алейһиссалам көрінеді. Осы таңданыста Хажар анамыз ұлын көреді. Сүйкімді сәбиінің аяқтарының астынан мөлдір су шығып жатқанын көріп, суды бір жерге жинағысы келеді. Бір жағынан судың айналасын бекітіп, бір жағынан шөлмегін толтыруға тырысады. Мәнсіз абыржыған үнмен «Зәм» (тоқта) дейді. Тіпті «Зәм!.. Зәм!..» деп айқайлап жібереді. Жәбраил алейһиссалам күлімдейді. «Қоя бер, ақсын!» дейді. «Бұл су үнемі ағады, еш таусылмайды».

Бұл суға көшпенді тайпалардың назары ауады. Соңында Жүрхумилер Хажар анамыздан рұқсат алып Қубәйш тауының етегіне қоныстанады. Осылай қасиетті жер қалаға айналып аты Мекке деп аталады.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жер бетіндегі құдықтардың ең қайырлысы – Зәмзәм құдығы».

Зәмзәм суын құбылаға қарап, дұға етіп, үш деммен ішу керек. Зәмзәм суын ішіп айтылған дұға қабыл болады. Және соңында шүкір етуі керек.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031