Untitled Document

Тарих... Сәлжүк мемлекеті және Қазақстан

Түрік-Ислам мемлекеттерінің ең үлкендерінің бірі – Сәлжүк мемлекеті Оғыздардың Үшоқ тармағының қынық тайпасына жатады. Х ғасырда Сейхун (Сырдария) өзенінің бойындағы Жент қаласынан бастау алатын Сәлжүк мемлекеті батысқа жылжып Анадолыға дейінгі аймақтарды бағындырады. 26 тамыз 1071 ж Анадолы жеріндегі шешуші шайқас ретінде белгілі Малазгирт соғысында император ІV Ромен Диогеннің бастауындағы Византиялықтардың 200 000 әскерін 30 000 әскермен күйреткен Сәлжүк патшасы Алпарслан Анадолыдағы түркілердің өктемдігін қуаттап нақтылап береді. Қазіргі Түркия елінің негізін қалаған осы Сәлжүк мемлекеті болып табылады. Византияны жеңіп Анадолы жерлеріне кірген түркілер қоныстанған біршама жерлерге өз атауларын қойғандығы айтылады. Бүгіндері Түркияда түркі тайпаларының есімдері болған «Қайы», «Қынық» деп аталатын бірнеше елді-мекендер кездеседі. Бурса әкімшілік аймағына қарасты «Келес» ауданы тұрғындарының жүздері Орта Азия халықтарына қатты ұқсап келеді. Осы елді-мекеннің атауының да негізі Оңтүстік Қазақстандағы Келес өзенінен келіп шығады екен. Орта Азиядан Анадолының Бурса өңіріне қоныстанған «Қайы» тайпасының қойған есімі болып табылады. Түркиядағы Ақтеңізге құятын Сейхан және Жейхан өзендерінің атауы да Орта Азиядан қоныс тепкен ата-бабаларымыздың Сейхун (Сырдария) және Жейхун (Амудария) өзендеріне ұқсатып қойған атаулары болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс өзенінің сыңары Түркияда «Арас» өзені болып келеді. Түркиядағы Денизли әкімшілік аймағына қарасты «Тавас» ауданы да Жамбыл облысындағы Талас өзенінің атауынан келетіні, ғасырлар өтіп осы секілді көпшілік атаулардың өзгеріске ұшырағандары жайлы келтіре берсек мысалдар өте көп...