Untitled Document

Сұхбат... Қияметтің кіші белгілері (1)

Қияметтің қашан болатындығы білдірілген жоқ. «Оны тек Аллаһ біледі» деп бұйырылды. (Араф:187)

Қиямет жақындағанда алдымен кіші белгілер, одан соң үлкен белгілер шығады. Қияметтің кіші белгілеріне қатысты хадис шәрифтер мыналар:

«Тәрбиесіздік пен зинақорлық ашық түрде болмай, көршілер бір-бірін жамандамай, сатқындар сенімді деп, сенімділер сатқын деп саналмай, туыстар арасында салқындық болмай қиямет болмайды». (Имам Ахмет)

«Ант етемін, сараңдық, зинақорлық ортаға шықпайынша, сенімді адамға қиянат жасалып, сатқынға сенілмейінше, жақсылар құрып, жамандар қалмайынша қиямет болмайды». (Хаким)

«Жер бетінде Аллаһ дейтін мұсылман бар кезде қиямет болмайды». (Мүслим)

«Уақыт жақындамайынша, бір жыл бір ай, бір ай бір апта сияқты, бір апта бір күн, бір күн бір сағат сияқты қысқармайынша қиямет болмайды». (Тирмизи)

«Мал көбейіп, артпайынша қиямет болмайды. Зекетті алатын адам қалмайды. Біріне зекет берілген кезде «маған қажет емес» дейді». (Бұхари)

«Даулары бір болған екі үлкен тайпа соғыспайынша, «пайғамбармын» дейтін өтірікшілер шықпайынша қиямет болмайды». (Бухари)

«Мұсылмандар яһудилермен соғыспайынша, тастар «ей, мұсылман, мына артымда тұрған яһудиді өлтір» деп хабар бермейінше қиямет болмайды». (Бухари)

«Өзін пайғамбар жариялаған жетпіс жалғаншы шықпайынша қиямет болмайды». (Табарани)

«Ливата (гомосексуалдық) мубах-табиғи қүбылыс деп саналмайынша қиямет болмайды». (Дәйләми)

«Қияметтен 100 жыл бұрын жер бетінде Аллаһқа ғибадат ететін ешкім қалмайды». (Хаким)

«Бір әкеден туған бауырлар әртүрлі дінде болмайынша қиямет болмайды». (Дәйләми)

«Қияметтің белгілері бір жіптегі моншақтардың тізіліп түскені сияқты бірінен кейін бірі орындалады». (И.Ахмет)