Сұхбат... Тамақтану әдебі (1)
Тамақтанудың парыздары
• Азықтардың халал болуы
• Аллаһу та’алаға құлшылық жасау үшін күш жинауға деп ниет ету.
• Өлмейтіндей қажетті мөлшерде жеу.
• Тағамның дәмін Аллаһтан деп білу.
• Тоюды Аллаһтан деп білу.
• Ол тағамның қуаты біткенге дейін Аллаһу та’алаға құлшылық ету.
• Қолда барға қанағат ету.
Тамақтанудың сүннеттері
• Бисмилләһ айтып бастау.
• Тамақтың соңында әлхамдулилләһ деу.
• Тамақтан алдын және кейін қол жуу.
• Оң қолмен ішіп-жеу.
• Табақтың шетінен, өз алдынан жеу.
• Тамақты тұзбен бастау және аяқтау.
• Тамақтан кейін тісті тазалау.
Тамақтанудың мүстаһабтары
• Нанды екі қолмен бөлу.
• Дастарханда көк шөп және сірке суы болуы.
• Үзімдер, жұтымдар кішкентай болуы керек.
• Жақсылап шайнамай тұрып жұтпау.
Тамақтанудың мәкрухтары
• Сол қолмен ішіп жеу.
• Бисмилләһ айтпау.
• Тамақтану барысында мүлде сөйлемей отыру.
• Қолын, пышақты жемейтін болса нанға сүрту.
• Көгерген, иістенген нан немесе тамақ жеу.
(Жалғасы ертең...)