Untitled Document

Сұхбат... Тамақтану әдебі (2)

Тамақтанудың харамдары

•Тойғаннан кейін жеу (қонақ бар болса немесе сәре тамағында харам болмайды).

•Дастарханда харам нәрселер (ішімдік, сазды аспаптар) болуы.

•Денсаулыққа зиянды нәрселерді жеу.

•Өз атаған (нәзр еткен) мал етін жеу.

•Тамақты ысырап ету.

•Харам нәрсе жегенде бисмилләһ айту.

•Қонаққа шақырылмай бару.

•Басқаның мүлкін рұқсатсыз жеу.

•Зиянды нәрселерді жеу.

Басқа да маңызды жайттар

•Түрегеп тұрып жемеу.

•Қолды үсті-басына сүртпеу.

•Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды жауып жанына қарай бұрылу.

•Қонақта шақырмай тұрып дастарханға отырмау.

•Аш кезде де ақырын жеу.

•Тамақтану барысында қорқынышты және жиіркенішті нәрселерді айтпау.

•Ауыздағын жұтпай тұрып басқа үзім алмау.

•Үй иесіне береке және рақым тілеп дұға ету.

•Ауызда, қолда ет және тамақ иісі бар күйде жатпау.

•Балалардың да қолын жудыру.

•Тоқ күйде жатпау.

•Тағамдардың, сусындардың бетін жабық ұстау.

•Суды стаканға құйып ішу.

•Қажеттіліксіз пасықтармен бірге ішіп-жемеу.