Untitled Document

Күннің тарихы... Константинопольдың (Стамбул) алынуы

Стамбулдың жеңісі 6 сәуір-29 мамыр аралығында 53 күнге созылған шайқастан кейін жүзеге асты.  Фатих Сұлтан Мехмет (Мұхаммед) хан отауын Топкапы-Малтепеде құрды. Топкапы-Едірнекапы арасындағы орталық майданын тікелей өзі басқарды. 300 000 әскер және 20 теңіз флотынан тұратын жауынгерлердің жер мен көкті сілкіндірген тәкбір мен таһлил дауыстарымен Фатих Сұлтан Мехмет хан Топкапыдан қалаға кіріп, шүкір сәждесін жасайды, әскерлері көз жастарын ұстай алмай тұрды. Фатих әскерлеріне былай дауыстады:

«Ей, қаһарман әскер! Аллаһу та’алаға шүкір. Міне бұдан былай «Константинопольді алған әскерсіңдер». Хазіреті Пайғамбар мадақтаған қасиетті әскер сендерсіңдер. Жеңістерің құтты болсын! Балаларды, дін адамдарын сендермен соғыспаған адамдарды және әйелдерді өлтірмеңдер!..»

Стамбул жеңісі түрік және әлем тарихында өте маңызды орын алады. Теңіз флотын Бешикташтан Халичке ормандық алаңмен қапталған төбеден жүргізіп өткізудегі ойлап табылған технология Фатих ханға тиісті еді. Халич бұғазынан бос бөшкелерді қатар қойып, үстіне тақтайлар байлап, ені 5,5 метр болатын көпір құру арқылы бүкіл жаяу әскердің теңізден өтуі әскери технологиядағы тапқырлықтың нәтижесі еді.

Фатих Сұлтан Мехмет хан өте батыр, өте ақылды болуымен қатар,  өте керемет жетілген басқарушы еді. Грек, латын, италиян, француз, араб, парсы және ибрани тілдерін өте жақсы білетін. Жақсы білім алу арқылы сол кезеңнің бүкіл ғылымдарын жетік меңгерді. Астрономия, математика, әскери ілімдер, тарих, география білімі жоғары еді. Тіл мен математикада өз дәуірінің ең абыройлысы болатын.