Мақала ... Мұсылманның сипаттары
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Адамдарға мейірімділік танытпағанға Аллаһу та'ала мейірімділік танытпайды».
«Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық жасауға болмайды. Оған көмек береді. Оны өзінен төмен санамайды. Оның өзіне, малына, намысына зиян тигізуі харам».
«Аллаһ атымен ант етемін, бір адам өзіне қалаған нәрсені мұсылман бауырына да қаламайынша иманы толық болмайды».
«Аллаһ атымен ант етемін, жамандығы үшін көршісі сенімді болмаған адамның иманы жоқ».
«Жүрегінде мейірімділік жоқ адамның иманы жоқ».
«Кішілерге жанашырлық танытпаған және үлкендерге құрмет көрсетпеген адам бізден емес».
«Қарттарды құрметтеген, көмектескен адам қартайған кезде Аллаһу та'ала да оған көмекшілер жібереді».
«Аллаһу та'ала дүниелік нәрселерді достарына да, дұшпандарына да береді, ал жақсы мінезді тек жақсы көретін адамдарына береді».
«Бір адамның намысына, малына қол салған адамдардың сауаптары қиямет күні жәбір көрген адамға беріледі. Ғибадаттары, жақсылықтары жоқ болса, ол адамның күнәлары бұған беріледі».
«Аллаһу та'аланың алдында күнәлардың ең үлкені - жаман мінезді болу».
«Бір адам ұнатпайтын адамына қиындық келгеніне қуанса, Аллаһу та'ала бұл адамға да осындай қиындық береді».