Untitled Document

Тарихи дерек... Ұмытылған батыр

Ол жайлы деректер жоқтың қасы. Есімінің еш жерде аталмай, еленбегенінің өзі қызық әрі реніш тудырады.

Орынбордағы Алашорда үкіметінің жалпықазақтық съезі кезінде Түркістан өлкесінің атынан шыққан атпалдай азамат. Съез президиумына кірген саусақпен санарлық 4 қоғам қайраткерінің бірі. Осының барлығы, қазақ зиялы қауымы арасында беделді де білікті, сыйлы да ардақты тұлға болғанын дәлелдейді. Алаш Орда мен Түркістан автономиясының негізін қалаушылардың бірі.

1930 жылы «ұлтшыл» деп айыпталды.

1937 жылы мемлекеттік террористік әрекет барысында тағы да айыпты саналып, Кеңес үкіметін құлату мақсатында үгіт-насихат жүргізіп, қоғамға іріткі салған адам ретінде жазаланды. Ауыр жазаға тартылды.

Халқымыз бастан кешірген сындарлы сәтте еркіндікті аңсаған бабасының қасиетті қаны тұла бойында қайнап тұрса керек.

Ол Әзімхан Кенесары-тегі. Қазақтың соңғы ханы Кенесары ханның немересі. Үштіктің үкімімен 1937 жылы ату жазасына кесілді.

Тектіден текті туар

Абайұлы Тұрағұл ақынның сүйген жары Әйгерімнен туған, 1835 жылы Абайдың отыз жасында дүниеге келген баласы. Жасында ауыл молдасынан оқып, мұсылманша, орысша сауатын ашқан. Абай үйінде өткен келелі кештер мен әңгіме кеңесіне қатысып, жасынан рухани қазынасы құнарлы болуының үстіне кейіннен өздігінен ізденіп орысша, арабша оқып білімін жетілдірген.

Абай қайтыс болған соң әкесі туралы алғаш рет естелік жазып қалдырған Тұрағұл еді. Ол М.Әуезовке «Әкем туралы» деген көлемді естелік жазып берген. Ол естеліктердің қысқаша нұсқасы 1933, 1939-1940 жылдары Абай шығармалары жинағында, баспасөз беттерінде жарияланған. Бұл естеліктің кей тұстарын М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясын жазғанда мықтап пайдаланған.

Ол Ә.Бөкейхан, М.Дұлатұлы, Ж.Аймауытов сынды Алаш қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған. 1909 жылы немере ағасы Кәкітаймен бірге Петербургте Абайдың шығармалар жинағын кітап етіп шығарды.

1928 жылы Шымкентке жер аударылған Тұрағұл бірнеше жыл ауыр азап көріп, 1934 жылы дүниеден өтті.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031