Untitled Document

Сұхбат ... Ауырғанда оқылатын дұғалар

Хадис шәрифте былай делінген: «Қияметте дәптерінде көп тәубе-истиғфары бар адамға сүйінші». Тәубе, истиғфар – бұл «әстағфируллаһ» деу. Көп тәубе-истиғфар айтқан мұсылман өлімнен басқа барлық дерттен құтылады және ризығы артады. Ажалы келген адамның ауырмай, қиналмай өлуіне көмектеседі.

Хадис шәрифте былай делінген: «Ла хаулә уәлә қууатә деп оқу 99 дертке дауа. Олардың ең жеңілі қайғы». Бұл «кәлимаи тәмжид» деп аталады. Қорқынышты кездерде және жыннан қорғану үшін де оқылады.

«Бисмилләһир-рахманир-рахим уә лә-хаулә уә лә қууатә илла биллаһил алийл азим» деу жүйке ауруы мен барлық ауруларға жақсы болады.

Фатиха, Аятул курси және Кафирун, Ихлас, Фалақ, Нас сүрелерін 7 реттен оқып, ауруға үрленсе, барлық дерт, сиқыр, көз тию және аңның тістегені мен шаққанына ем болады.

Хадис шәрифте былай делінген: «Жаңбырдың суын жинап, оған Фатиха, Аятул курси, Ихлас, Фалақ және Насты 70 реттен оқып, бұл суды үзбей 7 күн азанда ішкен адамның ауруы жазылады».

Көз тиген адамға пайғамбарымыз көрсеткен мына дұғаны оқу керек: «Әузу би-кәлиматиллаһит тәммәти мин шәрри кулли шайтанин уә хамматин уә мин шәрри кулли айнин ламматин». Мұны күнде таңертең және кешке 3 рет оқып, өзінің үстіне және қасындағылардың үстіне үрлесе, көз тиюден және шайтан мен жануарлардың зиянынан қорғалады.

Жоғалған және ұрланған бір нәрсені табу үшін күнде 25 рет «Йа, жамианнаси ли-яумин уә лә райбә фиһи инналлаһә лә юхлифул миад ижма бәйни уә бәйнә … » дұғасын оқу керек. (Нүктелердің орнына жоғалған нәрсенің атын айту керек).