Untitled Document

Мақала... Исламға қарсы кітап жазамын деп мұсылман болды

Голландияның бір кездері әсіре оңшыл Азаттық Партиясының (PVV) депутаты әрі екінші адамы Йорам ван Клаверен (Joram van Klaveren) исламға қарсы кітап жазамын деп, мұсылман болды. Голландияның баспасөз беттерінде жарық көрген хабарларда Голландияның бұрынғы саясаткері 39 жастағы Йорам ван Клавереннің ислам дініне қарсы кітап жазу барысында Исламды зерттеп жүріп, дінге деген көзқарасы түбегейлі өзгерген. Осылайша ол тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болды. Исламға қарсы жаңсақ пікірлерін жоятын кітап жазып шығарды.

Голландиялық саясаткер Йорам ван Клаверен мұсылмандықты қабылдамас бұрын «Ислам деген жалған дін, ал Құран кәрім — у» деп мәлімдеме жасаған болатын, бірақ ислам дінінің ақиқат дін екеніне көп ұзамай көзі жеткен.

«Кітап жазу барысында менің исламға қарсы көзқарасымның қате екенін дәлелдейтін көптеген деректерді көрдім. Осыдан бірер жыл бұрын ислам дінін иттің етінен жек көретінмін. Егер бір сәтте сіз өзіңіздің бірнеше жыл бойы қателесіп жүргеніңізді білсеңіз қандай күйде боласыз? Салыңыз суға кетпейді ме?! Мен де түсініксіз, жаман сезімде болдым. Бірақ исламға қарсы болсам да үнемі Құдайды іздейтінмін, іштегі мазасыздықты сезінетінмін. Ал исламды қабылдаған кезден бастап түсініксіз, мен үшін беймәлім сезімнен түбегейлі арылдым. Араға көп уақыт салып өз үйіне оралған адам секілдімін», дейді Йорам ван Клаверен.