Untitled Document

Сұрақ-жауап... Мәликенің сұрағы

Мәлике: Бір жылан бар адамға зәрін шашқан, одан қорқып пенде жоқ тұра қашқан. Бірақ бәрі соны ұнатып, дәмін татқан. Ол не?

Әбілдә: Ол қайырсыз дүние-мүлік. Тірі адамға да, өлі адамға да берер залалы бар. Бірақ жұрт сонда да оның ізінен қуып, жүгіреді.

Мәлике: Жеті көкті тесіп өтіп, Аршыға жететін не нәрсе?

Әбілдә: Біреудің сыртынан айтқан өсек сөз.

Мәлике: Адамның бір дұшпаны бар. Бірақ адам оны қатты жақсы көреді. Ол не?

Әбілдә: Ол дүние байлығы мен баласы. Адам тірісінде оларды қатты жақсы көреді. Соның кесірінен жүрек көзін ашып, Жаратқанның жамалына ынтықтығын жоғалтады. Ахиретте зекетсіз малы мен білімсіз ұлы өзіне дұшпан болып жабысады.

Дерек...Мәлімет

1. Күнделікті тігін тіккенде немесе шаш қысқартуда пайдаланылып жүрген кәдімгі қайшыны Леонардо да Винчи ойлап тапқан.

2. Адам көзін ашып түшкіре алмайды екен.

3. Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар АҚШ-тағы ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардан көп.

4. Біздің құлағымыз бен мұрнымыз өмір бойы өсуін тоқтатпайды

5. Түйеқұстың миынан көзі үлкен.

6. Ақ аюдың терісі негізінде қара түсті.

7. Ақ аюлардың барлығы солақай болады.

8. Қолтырауын тілін шығара алмайды.

9. Тіл адамның денесіндегі ең мықты бұлшық ет.

10. Ең алғаш машинкамен жазылған роман «Том Сойердың басынан кешкендері»

11. Піл – секіре алмайтын жалғыз хайуан.

12. Грецияның әнұраны 158 шумақтан тұрады.

13. Жолбарыстың тек жүндері ғана емес, терісі де ала болады.

14. Орта есеппен адам жеті минутта ұйықтайды.

15. Дүние жүзінде адамдардан саны жағынан балапандар көп.




<АлдыңғыКелесі>
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031