Untitled Document

Қызықты дерек... Жануарлар жайлы қызықты деректер

-Қасқыр ақылды жануарлардың бірі болып табылады.
-Күзендер күніне 20 сағатқа дейін ұйықтайды.
-Француздар көгершіндерді «ұшатын егеуқұйрықтар» деп атайды.
-Жолбарыстардың жүні де, терісі де жолақты болады.

-Жылқының сүйек саны адамның сүйек санынан 18-ге артық.
-Жер бетіндегі жануарлардың ішінде керіктердің (жираф) жүрегі ең үлкен және қан қысымы ең жоғары.
-Керіктің (жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см.
-Киттің жүрегі минутына 9 рет соғады.
-Тауықтың ең ұзақ ұшуы тіркеу бойынша 13 секундқа созылған.
-Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.
-Жапырақ кескіш құмырсқа өзінің салмағынан 50 есе артық жүкті көтеріп таси алады.
-Пілдің миының салмағы оның дене салмағының 0,27% -ын құрайды.
-Мысықтың жағы жан-жаққа қозғала алмайды.
-Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады.

-Игуана су астында 28 минутқа дейін болады.
-Жұлдызқұрттың денесінде адамға қарағанда бұлшық ет көбірек.
-Ягуарды заң бойынша қорғайтын жалғыз мемлекет – Белиз.
-Егеуқұйрық түйеге қарағанда ұзақ уақытқа сусыз шыдай алады.
-Сары шымшық балапандарын күніне 1000 рет тамақтандырады.
-Акула өзінің жемтігіне шабуыл жасағанда жемтігі жарақаттамау үшін көздерін жабады.
-Араның шағуынан жыл сайын улы жыланның шағуына қарағанда 3 есе көп адам өледі.
-Ұлудың қозғалыс жылдамдығы – 1,5 мм/сек.
-Жылан 3 жыл қатарынан тамақтанбай-ақ ұйықтай алады.
-Дельфин бір көзін ашып ұйықтайды.
-12 қабаттан құлап келе жатқан мысықтың 7 қабаттан құлап келе жатқан мысыққа қарағанда тірі қалу мүмкіндігі көп.
-Денесіне қарағанда миы үлкен жәндік – құмырсқа.