Untitled Document

Сұхбат... Ұйықтау әдебі

Сұрақ: Ұйықтау әдебіне не жатады?

Жауап: Бір күніміздің орта есеппен үштен бір бөлігі ұйқыда өтеді. Ғафлетпен өтпеуі үшін ұйқыны да қадірлендіру керек. Мүминнің әрбір әрекеті парасатты болу керек. Ғафлетпен жатып, ғафлетпен тұрмау керек!

Қалай болса солай төсекке жатып ұйықтау дұрыс емес

Тоқ қарынға ұйықтау

Мүмкін болғанша тамақты ұйықтарда жемеу керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Тоқ қарынға ұйықтау жүректі қатайтады». (Табарани)

Желінген тамақты намаз оқып немесе халал табыс табу жолдарында қорытуға тырысу керек!

Етбетімен жатып ұйықтау

Сүйікті пайғамбарымыз етбетімен жатқан адамға «Тұр, бұл жату тозақтықтардың жатысы» деді. Етбетімен және киімсіз жатқан адамға да «Бұл Аллаһу та’ала мүлдем ұнатпайтын жатыстың бір түрі» деген.

Шұлықпен ұйықтау

Сұрақ: «Шұлықпен ұйықтау рұқсат емес» деп жатады. Рұқсат болса дәлелі қандай?

Жауап: Шұлықпен ұйықтаудың діни тұрғыдан ешқандай зияны жоқ. Рұқсат болған, мубах нәрселердің дәлелі болмайды. Харам, мәкрух болған, тыйым салынған нәрселердің дәлелі болады. «Банан жеу рұқсат па?»- деп сұралғанда, «рұқсат»,- деп жауап берілсе, дәлел ізделмейді. «Харам» дейтіндер шығатын болса, дәлелін көрсетуі керек болады.

Төсекке дәретті болып жату

Сұрақ: «Түнде ұйықтарда дәреті қысып тұрған адам дәретпен төсекке жатып, одан кейін дәретін бұзса, төсекке дәретті халде жатқан болып саналады» делінеді. Бұл айла емес пе? Аллаһу та’аланы алдауға тырысу болмай ма?

Жауап: Аллаһ сақтасын, олай айтуға бола ма? Бұл Аллаһу та’ала білдірген ихсандардан пайдалану болып саналады. Маңызды болғаны – төсекке дәретті халде жату. Ұйықтаған кезде онсыз да дәрет бұзылады, бірақ төсекке дәретпен жату үлкен қадір, оған таңға дейін сауап беріледі.