Untitled Document

Мүбарак түн... Рағаиб түні

Қасиетті Ражаб айының алғашқы жұма түні Рағаиб түні деп аталады. Исламда барлық жұма түндері қасиетті. Бұл екі қасиетті түн бірге келгенде қасиеттілігі одан да арта түседі. Аллаһу та’ала бұл түні мұсылмандарға жақсылықтар, сый-сияпаттар береді. Бұл түнге құрмет көрсеткендерді кешіреді. Бұл түні жасалған дұғалар қайтарылмайды және де намаз, ораза, садақа секілді ғибадаттарға сансыз көп сауап беріледі.

Рағаиб түнін ғибадатпен өткізу керек. Қаза намазы бар адам ең болмағанда бір күндік қаза намаздарын оқуы керек! Қаза намазы болмаса нәпіл намаз оқиды, Құран кәрім оқиды, тәсбих тартады, тәубе-истиғфар етеді. Бұл күні ораза тұтып, түнін ғибадатпен өткізудің сауабы өте үлкен. Қасиетті түндерде және әр уақытта да ілім үйрену бәрінен де жоғары келеді. Ілімхал білімдері ең қадірлі болып табылады.

Бейсенбі күні ораза тұтып, түнінде ғибадат ету өте сауапты болады. Бейсенбімен бірге жұма күні де ораза тұтудың зияны жоқ (Ғунйа).

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһу та’ала Ражаб айында ораза тұтқан адамдарды кешіреді» (Ғунйа).

«Мына бес түнде жасалған дұға қайтарылмайды: Рағаиб түні, Бәрат түні, Жұма түні, Рамазан айтының түні және Құрбан айт түні» (И. Асакир).

          «Ражаб айының алғашқы жұма түнінде құлшылық қылған адамды Аллаһу та’ала қабір азабынан құтқарады. Дұғаларын қабыл етеді. Тек жеті түрлі адамды кешірмейді және дұғаларын қабылдамайды: Өсімге ақша берген және алған адам, мұсылмандарды төмен санаған адам, ата-анасына қарсы келген бала, діннің бұйрықтарына бағынатын мұсылман күйеуін тыңдамайтын әйел, ән айтып, сазды аспап тартатын адам, зинақорлық жасайтын адам, бес уақыт намаз оқымайтын адам» (С. Әбәдия).