Untitled Document

Мәлімет... Асқабақ дәні мына 10 ауруға ем (2)

Ерлердің денсаулығын жақсартады. Простатит, қуық түбі безінің қабынуы ер азаматтардың көпшілігінде кездесетін ауру. Аталған ауру денсаулығыңызға ғана емес, өмір сүру қалпыңызға да, төсектегі тірлігіңізге де кері әсерін тигізеді. Ал оның алдын алып немесе сақтанғыңыз келсе, бір уыс асқабақ дәнін жеңіз. Емді күніне 3-4 рет қайталау арқылы айықпас дертіңізден арыласыз. Асқабақ дәнінің құрамындағы L-аргинин заты ерлердегі тестостерон гормонын жандандырып, қуықасты безінің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар, жамбастың қан айналымын тездетіп, суықты емдейді әрі ісігін қайтарады.

Артық салмақтан арылтады. Кез келген дән, әсіресе асқабақ дәні өсімдік ақуызы мен жасұныққа бай. Ал бұл заттар өз кезегінде ағзадағы майды ерітіп, артық салмақтан арылтады. Диетологтар қарныңыздың ашқанын сезе бастасаңыз, асқабақ дәнін жеуге әдеттеніңіз дейді. Оның құрамындағы пайдалы заттар ішектің жұмысын жақсартып, зат алмасуды реттейді.

Көңіл күйді көтереді. Асқабақ дәнін жесеңіз ағзада серотонин атты қуаныш гормоны бөлінеді. Дәннің құрамындағы триптофан аминқышқылы сізге сергектік сыйлайды. Жүйкені жақсартып, миды тынықтырады. Диетолог мамандар күніне жеті дана асқабақ дәнін жесеңіз, көңіл-күйіңізді керемет көтереді дейді. Сондықтан да депрессия алған адамға, стресте жүретіндерге және үнемі мазасызданатындарға асқабақ дәнін қалтаңыздан тастамаңыз деп кеңес береміз.

Ішекті құрттан тазалайды. Асқабақ дәнінің құрамындағы кукурбитин аминқышқылы – ішек құрттарының нағыз жауы. Ағзадағы кез келген құрттан асқабақ дәнін жеу арқылы оңай құтыласыз. Дәннің денсаулыққа тигізетін зияны жоқ.

Буын ауруынан қорғайды. Суыққа қарсы күресетін күшке ие асқабақ дәні буын ауруын емдеп, тұз байлануды болдырмайды. Сондай-ақ, несеп жүргізіп, артық тұзды шығарады. Керемет емдік қаситке ие дән буынды түрлі дерттен сақтайды.

Остеопороз ауруының алдын алады. Құрамы кальций, магний және мырыш элементіне бай асқабақ дәні сүйектің саулығын жақсартады. Сондықтан да остеопороз ауруының алдын алғыңыз келсе, қартайғанда сүйектен айырылғыңыз келмесе немесе сүйектің сынуынан сақтанғыңыз келсе, онда күнделікті тамақтың алдында асқабақ дәнін жеуді ұмытпаңыз.

ERNUR.KZ   Л. Ахметова