Сұхбат... Күн сайын оқылатын дұғалар
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
- Кімде-кім азанда-кешке 3 рет «Бисмилләһилләзи лә ядурру мә’асмиһи шәйун фил-арди уәлә фиссәма-и уә һуәс-сәмиул-алим» десе, оған ешнәрсе зиян келтіре алмайды.
- Кімде-кім таңертең 3 рет «Әузу билләһиссәми’ил-алими минәш-шайтанирражим» деп, «Хашр» сүресінің соңғы 3 аятын оқыса, Аллаһ оған 70 000 періштені өкіл етеді, олар кешке дейін оған дұға етеді.
- Кімде-кім азанда-кешке 7 рет «Хасбуналлаһу лә илаһә иллә Һу, алейһи тәуәккәлту уә хуә Раббул-аршил-азим» десе, Аллаһ оның дүние мен ахирет істеріне көмектеседі.
- Күнде 100 рет «Лә хаулә…»-ны оқыған адам ешқашан кедейлікті басынан кешірмейді. Бұл жұмақ қазыналарының бір қазынасы.
- Күнде маған 100 рет салауат айтқан адам мұнафықтық пен тозақ отынан алыстайды және қиямет күні шәһидтермен бірге болады.
- Кімде-кім күнде 70 рет кешірім сұраса, (әстағфируллаһ) десе, 700 күнәсі кешіріледі.
- Күнде 25 рет «Аллаһумма барик ли фил мәут уә фи-ма ба’дәл-мәут» дегендер, өлгелі жатқанда 40 рет «Лә илаһә иллә әнтә субханакә инни кунту минәззалимин» дегендер, күнде кешке «Ясин» сүресін оқығандар, күнде таңертең немесе кешке 3 рет «Әузу билләһиссәмиил алими минәш-шайтанирражим» мен «Һуаллаһулләзи»-ді оқығандар шәһид болады.
- Күнде таңертең «Аятул курси», «Ихлас» және «Фатиханы» оқып, өлгендердің рухына бағыштау керек.
- Дерттен құтылу, мақсатқа жету, дін және дүние зардабынан құтылу үшін 500 рет «лә хаулә уәлә қууатә иллә биллаһ» және басы мен соңында 100 реттен салауат оқып, дұға ету керек.