Мәлімет... Газдалған сусындар
Санаулы күндерде Рамазан айы да келеді. Ауыз бекіткенде немесе ауыз ашқанда үстел үстін газдалған сусынсыз елестету мүмкін емес. Күні бойы аш жүрген адам кешке ауыз ашып тамақтанғанда газдалған сусындарды да араластыру өте қауіпті. Газдалған сусындар адам ағзасына әр түрлі әсер береді. Пайдасынан зияны көп екені баршамызға белгілі. Газды сусындардан келетін зияндар:
Артық салмақ пен диабет
Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.
Тіс кариесі
Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.
Сүйектер
Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.
Асқазан мен ішек құрылысы
Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқыл газы кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шай ішкен жөн.