Untitled Document

Сұхбат... Оразада күтілетін пайдалар

Ораза тұтқан кезде дініміздің басқа бұйрықтарына да мән беруіміз керек. Оларға мән бермеген болсақ ұстаған оразаның сауабы азаяды немесе сауап берілмейді. Оразаның және басқа да бұйрықтардың мақсаты - дұрыс адам болу. Ораза тұтқан адам жаман істер жасайтын болса, оразаның пайдасы мен сауабынан құр қалады.

Хадис шәрифте былай делінген: «Қаншама ораза тұтқан адамдар бар, олар ашығу мен шөлдеуден басқа ешнәрсе ала алмайды».

Оразаның сауаптары мен пайдаларына кенелу үшін:

Оразаның сауабын сақтау үшін көздерді харамға қараудан, құлақтарды музыка тыңдаудан, тілді боқтық сөз айтудан және ғайбат пен өсектен барынша алыс ұстау керек.

Келесі бір хадис шәрифте:

«Ораза – барлық жамандықтардың қалқаны. Ораза тұтқан адам надандыққа салынып, жаман сөз айтпасын. Егер біреу онымен ұрысса, «мен оразамын» деп жауап берсін»,- делінген.

Көзді, тілді, құлақты жамандықтардан қорғау секілді қол, аяқ және басқа мүшелерді де харам мен күмәнді нәрселерден қорғау керек.

Сәресіде әртүрлі және күшті тамақтар жеу рұқсат болғанымен, шектен тыс көп жеп асқазанға ауырлық түсіру дұрыс емес. Ауыр жұмыс істемейтін адам аса көп жеп оразадан күтілген пайдадан құр қалмағаны жөн.

Ауызашарда «тұтқан оразамыз қабыл болды ма екен?» деп күманда болған адам оразаның қабыл болуы үшін Аллаһу та’алаға жалбарынып дұға етуі керек. Рамазанда Аллаһтан көп кешірім сұрап, Құран кәрім оқыған абзал және дінін дұрыс жазылған ілімхал кітаптарынан үйренген сауапты амал болады.