Сұхбат... Оразаны бұзатын нәрселер (1)
Оразаны бұзып, қаза әрі кафарат талап ететін жағдайлар:
1. Ораза екенін біле тұра ішіп-жеу.
2. Қан алдыру, ғайбат ету секілді оразаны бұзбайтындығы мәлім нәрселерден кейін оразам бұзылды деп біле тұра ішіп жеу.
3. Тамаққа өтіп кеткен жаңбырды, қарды өз қалауымен жұту. Өз қалауынсыз тамақтан кіретін болса тек қаза керек болады.
4. Темекі шегу.
Оразаны бұзатын, тек қаза керек ететін жағдайлар:
1. Қателесіп бұзу, мәселен дәрет алғанда тамаққа су кетіп қалуы.
2. Тамағына қар және жаңбыр кетіп қалу.
3. Мәжбүрлеп бұздыру.
4. Мұрынға сұйық дәрі құю.
5. Мұрнына иіссу (одеколон) тарту (иіссуды иіскеу оразаны бұзбайды).
6. Мұрынға тартылған судың ауыздан шығуы.
7. Орнықты кезде бастаған оразасын сапарда бұзу.
8. Басқа адам шеккен темекі түтінін өзі қалап иіскеу.
9. Құлақтың ішіне дәрі тамызу.
10. Терідегі жараға жағылған дәрінің ішке кіруі.
11. Денеге инемен дәрі егу.
12. Қалап, қинап ауыз толтырып құсу.
13. Тісі қанаған немесе тісін жұлдырған адам аузындағы қанды жұту немесе түкірікпен бірдей мөлшерде аралас қанды жұту.
14. Сәре уақыты біткенін білмей жеп-ішу.
15. Күн батты деп ойлап ауыз ашу.
16. Тістердің арасында қалған ноқат үлкендігіндегі нәрсені жұту.
Жалғасы ертең...