Сұхбат... Оразаны бұзатын нәрселер (2)
Оразаны бұзатын, тек қаза керек ететін жағдайлар:
1. Ауырған тісін морфий (новокаин) салдырып, жұлдыруға мәжбүр болған адам ораза бұзылғандықтан ішіп-жесе, тек қаза етуі керек болады.
2. Дәрет алғанда ауызды шайғанда тамаққа су өтіп кету.
3. Қағаз, тас, мақта, шөп, піспеген күріш сияқты дәрі және азық болмаған нәрсені жұту.
4. Талып қалған адамның есін жиғызу үшін немесе ұйықтап жатқан адамның аузына су құю.
5. Ораза екенін ұмытып жеген кезде ораза бұзылды деп біле тұра жеуді жалғастыру.
6. Рамазанда таңға дейін ниет етпей кейіннен ниет етсе, түстен бұрын немесе кейін оразасын бұзу.
7. Мастурбация жасау оразаны бұзады (ұйықтап жатып жүніп болу оразаны бұзбайды).
8. Дәрет алғанда ішке су кетіп қалуы.
9. Теңізге, бассеинге түскенде денеге су кіруі.
10. Клизма жасау оразаны бұзады.
11. Астма ауруларының дерті қозғанында спрей дәрі қолданғанында ораза бұзылады. Дәрісіз оттегі газы оразаны бұзбайды. Ауру болмай спрей дәрі қолданғанда қаза және кафарат керек болады.
12. Әйелдердің және еркектердің дәрі ретінде (свеча) қолдануы оразаны бұзады. Бірақ ғұсылды бұзбайды.
13. Аурулардың тіл астына дәрі қойып дәрі қабылдауы, жұтпаса да оразаны бұзады. (Жүрек ауруында сау терінің үстіне жағылып терінің қуыстарынан сүзіліп жүрекке пайдасын тигізетін дәрі сау терінің үстіне жағылғандықтан оразаны бұзбайды).
Бұлардың барлығында ораза бұзылады және айттан кейін бір күн үшін бір күн қазасын өтейді. Оразаға немесе басқа да тақырыптарға қатысты сұрақтарыңыз болса islamdini.kz сайтына жолдасаңыз болады.