Untitled Document

Сұхбат... Ораза жайлы бірер сөз

Оразаны бұзбайтын бірақ сауабын азайтатын нәрселерден де сақтану керек. Ораза тұтқандарға уәделенген үлкен сауапқа кенелу үшін бұл шарт болып табылады.

Бір  ғибадатты орындағанда бұл ғибадаттың парыздарын, уәжіптерін, сүннеттерін, мәкрухтарын және муфситтерін, яғни ол ғибадатты бұзатын нәрселерін де білу керек. Бұларды білмей жасалған ғибадат толық болмайды. Тіпті ғибадат еттім деп ойлағаның бұзылып, ғибадат болудан шыққан болуы мүмкін.

Мәселен оразаның парыздарының бірі оразаның бастапқы уақытынан соңғы уақытына дейін (яғни күн шығып батқанға дейін) оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу. Бастапқы уақыты мен соңғы уақытының арасында бір нәрсе ішіп жейтін болса ораза бұзылады. Сондықтан оразаның парыздарын, мәкрухтарын және муфситтерін, яғни оразаны бұзатын жағдайларды және бұзбайтын жағдайларды жақсы білу керек.

Оразаның сауабын жоятын бес нәрсе

Оразаны бұзбайтын бірақ сауабын азайтатын нәрселерден де ұзақ болу керек. Ораза тұтқандарға уәделенген үлкен сауаптарға кенелу үшін хадис шәрифтерде білдірілген мына жағдайларға мән беру керек:

«Бес нәрсе оразаның сауабын жояды: өтірік айту, сөз тасу, ғайбаттау, (бөтен әйелге) құмарлықпен қарау және өтірік ант ішу».

 «Ғайбат еткен адамдардың оразасы ақиқатта ораза емес» (яғни тек ораза қарызынан құтылады, уәделенген сауапқа қауыша алмайды).

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм):

«Ей, Раббым, тілімді жалғаннан, көңілімді (жүрегімді) күпірліктен, амалымды риядан, көзімді қиянаттан тазала және сақта! Көңілден өткендер сенен жасырын емес» деп дұға етуіміз үшін кеңес беретін.

Сондықтан ораза тұтқан адамның риядан (ел көрсін деген ниеттен) ұзақ болуы, тек Аллаһ разылығын көздеуі керек.