Мәлімет... Алматы метрополитені (1)
Алматы метрополитені – көше қозғалысынан тыс жүрдек теміржол көлігі жүйесі. Қазақстандағы әзірге жалғыз метро. Орта Азияда Ташкент қаласынан кейін екінші, бұрынғы КСРО мемлекеттері аумағында 2016 жылдың бірінші желтоқсанында 16-шы болып ашылды.
Метро ашылған алғашқы күннің өзінде 6 сағаттың ішінде (18:00 мен 00:00 дейін) 11 мың адам метрополитенді қолданып үлгерді. Әуелгі 3-5 күнде 130 мыңға жуық адам метромен жүрді.
Алғашқы жылы метромен 6 млн жолаушы тасымалданды. 2013 жылдың 9 шілдесінде (ашылғаннан 1 жыл 8 ай өткен соң) Алматы метропоитені 10-миллион жолаушыға жетті.
2014 жылдың 18 желтоқсанында 20 миллионыншы метрополитен жолаушысын марапаттады.
2016 жылы 12,4 млн адам метрополитен қызметін қолданса бұл көрсеткіш 2017 жылы 14 миллион жолаушымен толысты. Жұмыс уақыты таңғы 6:20 бастап, 00:00 ге дейін жалғасады.
2022 жылдың 30 мамырына дейін 9 метростанция жұмыс істеп келсе, осы күннен бастап «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» станциялары іске қосылды. Бас-аяғы 13,4 км құрайды және 25 минутта А нүктесінен Б нүктесіне дейін жүріп өтеді.
Алматыдағы бұл метроның жоспары сонау кеңес заманынан бастау алған.
1978 жылы Алматы қаласының бас жоспары бекітіліп, онда бірінші метро маршруты көрсетілді.
1980 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы А.Н.Косыгин № 1537-р жарлыққа қол қойды, онда Алматыда метрополитеннің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, жобалау және салуды бастау туралы бұйрық берілді.
1981 жылы 3 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі «Алматыда метро құрылысын дайындау жөніндегі шұғыл шаралар туралы» шешім қабылдады. Метроның қажеттіліктері үшін 137 ғимарат, оның ішінде 92 тұрғын үй сүрілді (снос).
жалғасы ертең...