Мәлімет... Алматы метрополитені (2)
Алматы метросының құрылысы 1988 жылы 7 қыркүйекте басталды. 1989 жылдың 1 қаңтарынан бастап КСРО Көлік министрінің В.А.Брежнев қол қойған № 156-ОР бұйрығымен метро құрылысын «Бамтоннельстрой» СКС жүргізу тапсырылды.
Құрылыстың аяқталу мерзімі 1997 жылға белгіленді. Құрылыс 1991 жылға дейін одақтық бюджет есебінен жүргізілді, Қазақ АКСР-і тек жанама шығындарды төледі.
Бірінші кезеңдегі 8 стансаның жобасын (қазір олардың саны 7-ге дейін қысқарды, Абай даңғылы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы «Площадь Республики» станциясы алынып тасталды) «Ленметрогипротранс» институтының қатысуымен Мәскеудің «Метрогипротранс» институты әзірледі.
КСРО ыдырағаннан кейін Алматы метросының құрылысы уақытша тоқтап қалды. 1991 жылғы құрылыс сметасы 457 миллион рубльді құрады.
1994 жылдан бастап қаржыландыру жылына 15-20%-ға төмендей бастады, бірінші кезеңді тапсыру мерзімі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. 1995 жылы кешенді сараптама жүргізіліп, оның барысында метрополитеннің бірінші кезегін салуға 101 миллиард теңге қажет екені белгілі болды. Осы кезеңде инвесторларды табуға бірнеше рет әрекет жасалды. 1992 жылы австриялық «Бетон-унд-Моибрау» компаниясы «Алматыметростроймен» туннельді қазу жұмыстарын жеңілдету үшін жаңа технологияларды енгізуге келісімшартқа отырды. Келісімшарт австриялық несие желісі аясында жүзеге асуы керек еді, бірақ бұл мәселе шешілмей қалды. Негізгі себеп 1993 жылғы елдегі «экономикалық жағдайдың өзгеруіне» байланысты еді.
Күндер айларға, айлар жылдарға жалғасып жатты. Алматы қаласының тыныс-тіршілігі өз ағысымен жүре берді. Әр келген басшылар метро жұмысының бітуіне бір кісідей ат салысып, өз қызметтерін жасауда болды. Бүгінде метро жұмыстары толықтай бітіп халық игілігіне берілді.